• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Сәуір, 2024

Күш ауылында жоғалған үш жасар қызға қатысты тың дерек айтылды

4916 рет
көрсетілді

Алматы облысының полиция департаменті Күш ауылында жоғалып кеткен үш жасар қызды біреу өлтіріп кетуі мүмкін екенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Полицияның мәліметінше, күдіктілер ұсталды.

«Кәмелетке толмаған баланың жоғалып кетуіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының ережелеріне сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды», деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің өкілдері.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысының Күш ауылында үш жасар Айя София із-түзсіз жоғалып кеткен еді. Бүлдіршін 17 наурызда үйінен шығып кеткен, кейін оны ешкім көрмеген.