• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Білім 25 Сәуір, 2024

«Болашақ» стипендиясының талаптары кімдер үшін жеңілдейді?

158 рет
көрсетілді

«Болашақ» стипендиясына ауылдық елді мекендерден инженерлік, техникалық және медициналық мамандықтар бойынша үміткерлерге ағылшын тілін білуге ​​қойылатын талаптар жеңілдейді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Болашақ» бағдарламасының 100-ден астам шетелдік университеті тіл курсы стандарттарында белгіленген 5,5 IELTS-тен төмен балл жинаған стипендиаттарды қабылдауға ниетті екенін мәлімдеді.

«Ағылшын тілін білу деңгейімен: IELTS: 9.0-ден 5.5; TOEFL: IBT 120-дан 46-дан 59-ға дейін, PBT/ITP 677-ден 417-ден 497-ге дейін; DET 160-тан 95-тен 104-ке дейін; IELTS Indicator 5.5 ресми жарамды сертификатты, сондай-ақ тілдік курстардан өту ұйымдастырылатын шетелдік жоғары оқу орнына академиялық оқуға сөзсіз шақыру туралы хат ұсынған инженерлік-техникалық, медицина қызметкерлері, ауылдық елді мекендерден үміткерлер ағылшын тілін білудің екінші шекті деңгейіне сәйкес келеді», делінген бұйрық жобасында.

Яғни, «инженерлік, медицина қызметкерлері, ауылдық квотамен келген үміткерлер» санаты үшін ағылшын тілін меңгеру деңгейіне сәйкес: IELTS: 9,0-ден 5,5-ке дейін; TOEFL: IBT 120-дан 46-59-ға дейін, PBT/ITP 677-ден 417-497-ге дейін; DET 160-тан 95-ке дейін 104; IELTS индикаторы 5.5 жағдайында, шетелдік жоғары оқу орнынан академиялық оқуға шартсыз шақыру хаты болса, шетелде тіл курстарынан өту мүмкіндігі ұсынылады.

Бұл түзету тек азаматтардың квота санатына ғана әсер етеді.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті