Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданындағы Антоновка ауылында ата-анасымен бірге кәмелетке толмаған сегіз бала шаланың газына тұншыққан.
Үй иесі толық жанып болмаған пешті ішінде отынның шаласы қалғанына қарамай жауып тастаған.
Отбасының бұл үйге түскеніне бар-жоғы екі-ақ күн болған көрінеді. Әйтеуір, адамдар аман, бәрі де орталық аудандық ауруханада жатыр.
Өрт сөндіру қызметі бұл үйге пешті қауіпсіз пайдалану туралы жадынаманы бұрын тапсырған көрінеді.
Солтүстік Қазақстан облысы