Әлеуметтік желіде ер адамның әйелін аяусыз ұрып жатқан видеосы тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бейнежазбадан ер адамның көпқабатты тұрғын үйдің алдында әйелін ұрып, тепкілеп жатқанын көруге болады.
Оқиғаға не себеп болғаны белгісіз. Алматы қаласы Полиция департаменті кінәлілер жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді.
«Бұзақылық бабы бойынша іс қозғалды. Видеодағы адамдардың кім екені анықталып жатыр. Кінәлілер жауапкершілікке тартылады, – делінген ПД хабарламасында.