• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Сәуір, 2024

Алматы базарларында заңсыз жүрген шетелдіктер ұсталды

110 рет
көрсетілді

Алматы полицейлері қаладағы базарларға рейд жүргізді. Тексеру барысында Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзу деректері анықталды, деп жазады Egemen.kz.

Өткен демалыс күндері 22 базарға тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде 81 шетелдік анықталды, олардың 63-інде жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ болып шықты.

«Құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік іс материалдары жинақталды. Олардың жетеуі сот шешімімен ел аумағынан шығарылды. Сонымен қатар өздері шақырған шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасында заңды болуын қамтамасыз етпеген 24 жеке және заңды тұлғаға әкімшілік шара қолданылды», деді қалалық Полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының басшысы Асхат Бутунчинов.