• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Сәуір, 2024

Ұлытау облысында этномәдени бірлестіктер саны артты

90 рет
көрсетілді

Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесі қарсаңында Ұлытау облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының ІІ сессиясы өтті. Сессия жұмысына облыс әкімі Б.Әбдіғалиұлы қатысып, құттықтау сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Д.Мұханның баяндамасында облыстағы этномәдени бірлестіктердің қатары көбейе түскені атап өтілді.

«Қазіргі кезде облыста ресми тіркеуден өткен 8 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Бір жыл бұрын олардың саны алтау болатын. Қазіргі кезде жаңа бастамашыл топтар құжаттарын тіркеуге дайындап жатыр. Жыл соңына дейін олар аккредитациядан өтуі тиіс», деді ол.

Сессия барысында этномәдени бірлестіктердің жұмыстарын жандандыру, олардың жобаларын гранттық қаржыландыру және т.б. өзекті мәселелер ортаға салынды.

Жиын соңында Ассамблеяның белсенді мүшелері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.