Қазақстанның бірінші, екінші ракеткалары Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева Мадридтегі WTA 1000 турнирінде ойнады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан теннисшілері бір-біріне қарсы матч өткізді.
Елена Рыбакина Юлия Путинцеваны 4:6, 7:6(4), 7:5 есебімен жеңді.
3 сағатқа жуық уақытқа созылған матч кезінде Елена Рыбакина алты эйс пен сегіз қос қателік жасады. 12 брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдалана білді. Ал Юлия Путинцева екі қос қателік жіберіп, 10 брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды.
Енді Рыбакина жартылай финалда Беларусь теннисшісі Арина Соболенко мен ресейлік 17 жастағы Мирра Андрееваның қай жеңгенімен кездеседі.