• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 02 Мамыр, 2024

Вице-министр сауда орталықтарындағы Wi-Fi сапасын сынады

80 рет
көрсетілді

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек елдегі интернеттің сапасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Асхат Оразбек еліміздегі сауда орталықтарындағы интернеттің сапасы сын көтермейтінін, сондай-ақ, өзі де мұндай байланыс мәселесіне тап болғанын айтты.  

«2027 жылға дейін мерзім берілген. Мен де сіздер сияқты байланыс мәселесіне тап болдым. Қоғамдық тамақтану орындарында немесе ірі сауда орталықтарында Wi-Fi желілері сапалы өткізілмеген. Осы мәселені қолға алып, шешімін табуымыз керек деп ойлаймын. Бүгін Сенат мақұлдаған заң жобасы аясында ірі сауда ойын-сауық орталықтары мен бизнес орталықтары Wi-Fi желісін орнатуға міндеттеледі. Біз мұны қадағалаймыз. Дәмханаға немесе сауда орталығына барған әр азамат сапалы интернетке қол жеткізуі керек», деді ол.

 

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті