Дзюдодан Астанада өтетін Grand Slam додасында Қазақстан әйелдер құрамасынан 7 салмақ дәрежесі бойынша 25 балуан бақ сынайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Sportqazaq телеграм парақшасында аталған додада бозкілемге шығатын дзюдошылардың тізімі жарияланды:
48 кг: Ғалия Тынбаева, Диана Буркеева, Алира Шегелекова, Жібек Жақсыбай. 52 кг: Толғанай Абеуова, Балнұр Әбдешова, Аружан Ережепова, Алима Жұмағалиева. 57 кг: Бақыт Құсақбаева, Ұлдана Үсейн, Дина Мұханбет, Дана Әбдірова. 63 кг: Эсмигүл Куюлова, Самалай Ерғалиева, Кристина Сотникова, Зарина Сарипова. 70 кг: Екатерина Токарева, Анастасия Маякова, Анастасия Морозова. 78 кг: Лаура Жәнібекова, Анастасия Нагачевская; +78 кг: Аида Тойшыбекова, Ақерке Рамазанова, Карина Такиева, Назгүл Маратова.
Париж Олимпиадасына рейтингтік ұпай берілетін аталған соңғы турнир осы айдың 10-12 күндері өтеді.