• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Дін 04 Мамыр, 2024

Визасыз қажылық жасау күнә ма?

289 рет
көрсетілді

Сауд Арабиясы корольдігінің қажылықты қажылық визасы бар азаматтар ғана жасай алатыны туралы 2024 жылғы 24 сәуірдегі мәлімдемесіне орай, ҚМДБ үлкен қажылық сапарын тек рұқсаты бар туроператорлар мен турагенттердің көмегімен жасауға болатынын еске салды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Inbusiness.kz сайтының жазуынша, биыл қажылық орындары конкурс негізінде 16 туроператорға бөлінген.

Қажылық жасаушыға қойылатын ең басты талап - қажылық құлшылығын ешқандай туристік сапармен шатастырмай, қажылықтың шариғи талаптарын орындау.

«Өз кезегінде ҚМДБ қажылықты ұйымдастырудың техникалық жауапкершілігін белгілі заң талаптары негізінде отандық туроператорларға сеніп тапсырады. Себебі ҚР азаматтарының түрлі мақсатта сыртқа шығуы туризм саласындағы заңнамалармен реттеледі және олардың құқықтарын қорғау туроператорларға жүктеледі», делінген мәліметте.

Қажылық маусымында туроператор Қазақстан азаматтарын сыртқа шығу туризмі саласындағы құқықтары негізінде Сауд Арабиясы корольдігінің ҚМДБ бөлген қажылық орындарына ғана алып бара алады. Қажылық орындарынан тыс адам апару – екі ел арасындағы қажылық келісімшартын бұзған болып саналады.

«Конкурстан өткен 16 туроператор қажылардың қауіпсіздігін қадағалап, оларды Мекке-Мединаға апарып-әкелуге, қонақ үй және ас-сумен, транспортпен қамтамасыз етуге және тиісті құжаттарын рәсімдеуге міндеттеледі», деп қосты ҚМДБ өкілдері.

Олар: «Хикмет Тревел» ЖШС, «Атлас Туризм» ЖШС, «Қызмет Саяхат» ЖШС, «Tawaf Travel» ЖШС, «Хидаят-Нур» ЖШС, «Nurkhan travel» ЖШС, «Сембекова» ЖШС, «Sanabl kz» ЖШС, «Mina travel» ЖШС, «Ал-Маруа» ЖШС, «Ордабасы – НЖ» ЖШС, «Robinzon kz» ЖШС, «Delta Tour» ЖШС, «Иман Travel Тур» ЖШС, «Dostik travel» ЖШС, «Qazaq Sapar» ЖШС.

Айта кетсек, биыл елімізден 5 081 мың адам үлкен қажылыққа барады.