• RUB:
    4.88
  • USD:
    441.8
  • EUR:
    480.02
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Мамыр, 2024

Абай облысында 10 жыл бойы іздеуде жүрген ер адам ұсталды

159 рет
көрсетілді

Абай облысында 10 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген ер адам ұсталды, деп хабарлады Egemen.kz.

«Шетелдік» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Абай облысы ПД Экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бұзақылық жасағаны үшін 2013 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген Тәжікстан Республикасының азаматын ұстады.

«Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оны қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Тәжікстан Республикасының аумағына экстрадициялау туралы мәселе қарастырылып жатыр», деді Абай облысы ПД бастығының орынбасары Нариман Күлдіков.