• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 05 Мамыр, 2024

Еліміздің 17 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

433 рет
көрсетілді

Синоптиктер ертең, 6 мамырда еліміздің 17 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абай облысында жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде таулы және тау бөктерлі аудандарында, күндіз таулы және тау бөктерлі аудандарында кей уақыттарда найзағай, дауыл соғады. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады.

Шымкентте кей уақыттарда найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 

Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр, түнде облыстың шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Ұлытау облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың орталығында, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстік бөлігінде, орталығында, таулы аудандарда найзағай, бұршақ. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с.

Ақмола облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде 1-6 градус үсік күтіледі. 

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде 1-6 градус үсік күтіледі.

Атырау облысының шығысында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ақтөбе облыстың солтүстігінде 3 градус үсік сақталады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі күтіледі. 

Қызылорда облысының орталығында, шығысында тұман, күндіз облыстың солтүстігінде найзағай күтіледі. 06 мамырда облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады,

Павлодар облысының батысынды, солтүстігінде 2 градус үсік, облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. 

Астанада түнде 1-3 градус үсік күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде 1-6 градус үсік күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.