Кalifarniya деген атпен танымал әнші Фархат Қалиев 8 мамырда өңірлерге концертін бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер иесінің айтуынша, ол алғашқы ән сапарын ерекше етіп өткізуді ұзақ ойлаған.
- Бұл менің ең ауқымды гастрольдік сапарын болғалы тұр. Бұйырса, еліміздің 21 қаласын аралауды жоспарлап отырмын. Мен әр ән кешімде халықпен тығыз байланыс орнатқанды жақсы көремін. Сол себепті, әр қаладағы тыңдармандарыма тосын сый жасағым келді, - дейді ол.
21 қаладағы ән кешінде 21 отбасына баспана сыйлау идеясын жүзеге асырмақ ниеті бар.
- Келіншегім Әнелдің идеясы бұл. Басында "қалай болар екен?" деген ой да, жүрексіну де болды. Бірақ Алла қолдап, тыңдармандарым демеп, бұл ниетімізге жетеміз деп ойлаймын, - деді Фархат Қалиев.