Сиань – Қытайдың ең көрнекті тарихи және мәдени орталықтарының бірі, деп жазады Egemen.kz.
- Қытай Халық Республикасындағы қазақстандық туризм жылы аясында «Сиань - Алматы» бір реттік туристік жолаушылар пойызын іске қосу мәселелері талқыланды, - делінген Көлік министрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Көлік министрлігінде өткен жиында мүдделі тараптардың өкілдерімен бірлесіп техникалық және технологиялық мүмкіндіктерге, сондай-ақ туристік пойыздың жүруіне қатысты мәселелер әңгіме арқауына айналды.