• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
10 Қаңтар, 2015

Үндістан елшісін қабылдады

280 рет
көрсетілді

Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның Қазақ­стан­дағы Төтенше және өкілетті елшісі Харш Кумар Джайнды қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Сенат Төрағасы Қазақ­стан қазір­гі әлемдегі беделді мем­­лекет болып табылатын Үндістанмен көп салалы ын­ты­­мақ­тастықты дамытуға зор маңыз беретінін атап өтті. Төра­ға­ның пікірінше, мұндай ынты­­мақ­тастықтың әлеу­еті зор, соған байланысты оны іс­ке асы­руға жұмыла күш салу керек. Қ.Тоқаев екі ел арасындағы пар­ламенттік алмасулардың маңыз­дылығына тоқталды. Үндістан елшісі өз елі Қа­зақ­станның негізгі халықаралық бас­тамаларын қолдайтынын, біздің елімізбен ынтымақтастықты дамытуға мүдделілік танытып отырғанын мәлімдеді және осы мақсатта жоғары деңгейдегі кездесулер ұйымдастыру қажет деп санайды. Сенат Төрағасы Қазақ­стан­ның экономикалық дамуының локо­мотивіне айналатын еліміз­дің «Нұрлы Жол» Жаңа Эконо­микалық Саясатын мейманға таныс­тырды және үнді кәсіпкер­лерін оны іске асыруға белсенді атсалысуға шақырды. Әлемдік және дәстүрлі дін­дер көшбасшылары съезі Хат­шы­лығының басшысы ретінде Қ.То­қаев Съезді шақыру жөніндегі Қазақстан бастамаларын дамытуға көптеген жылдар бойы белсенді қатысқаны үшін Үн­дістан өкілдеріне ризашылық біл­дірді. «Биылғы маусым айында Аста­нада V Съезд өтеді, ол діни көш­бас­шылар мен саяси қайраткер­лердің бейбітшілік және даму жолындағы үнқатысуына арналады. Алдағы форум жер жүзіндегі орнықты бейбітшілік пен келісім жолындағы діни көшбасшылар мен саясаткерлердің өзара іс-қимылының оңтайлы үлгісін іздестіру жөніндегі пікірсайыстар мен жаңа жасампаздық идея­ларының молдығымен есте қалады деп ойлаймын», – деді Сенат Төрағасы.