• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 06 Мамыр, 2024

Бокстан Азия чемпионаты: Қазақстан жастар құрамасы 11 «алтын» еншіледі

221 рет
көрсетілді

Бокстан 27 сәуір - 7 мамыр аралығында Астанада өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатында жастар санаты бойынша байрақты бәсеке мәресіне жетті. Қыздар – 6 алтын, 3 күміс, 3 қола, жігіттер – 5 алтын, 1 күміс, 6 қола, жалпы айтқанда Қазақстан жастар құрамасы – 11 алтын, 4 күміс, 9 қола медальмен командалық есепте бірінші орын алды, деп жазады Egemen.kz.

Жастар санаты бойынша боксшы қыздар алғаш рет 6 алтын иеленді. Алтыннан алқа таққан қыздар:   54 келі. Аяжан Сыдық 57 келі. Аяжан Ермек 60 келі. Толғанай Қасымхан 66 келі. Ұлдана Таубай 75 келі. Шұғыла Нәлібай 81 келі. Аружан Зейноллаева

Чемпион болған жігіттер:

60 келі. Алексей Хаванцев 67 келі. Төрехан Сабырхан 71 келі. Өнер Сейілхан 75 келі. Санжарәлі Бегалиев

80 келі. Мадияр Бексұлтанов

Жарыс жеңімпаздары (1-орын — 700$, 2-орын — 400$, 3-орын — 200$) ақшалай сыйақы алды.