• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
16 Маусым, 2010

ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ТАЛҚЫЛАУЫ

441 рет
көрсетілді

“Нұр Отан” ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен “Нұр Отан” партиясының 2020 жылға арналған бағдарламасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының кезекті талқылауы өтті. Елбасы, “Нұр Отан” ХДП Төр­ағасы Н.А.Назарбаевтың партияның кезектен тыс XІІ съе­зінде берген тапсырмасына сәйкес партияның 2020 жылға арналған бағдарламасын дайындау бойынша жұмыстар жалғасуда. Жобаны әзірлеуге құрамын­да танымал, беделді ғалым­дар мен әлеуметтік және гуманитар­лық сала маман­дары бар арнайы сарапшы топ қатысуда. Сарапшылар бағдарлама жобасының негізгі бө­ліктерінің мазмұны мен құрылымы бойынша ұсыныстар дайындады. Ал жұмыс тобы құрамына Пар­ламент депутаттары, мемлекет­тік органдар, орталық аппарат, Парламентаризм институты өкіл­дері және танымал ғалымдар кірді. Партия Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин­нің атап өткеніндей, партия Көшбасшысының тапсырмасы бойынша бағдарлама жобасына осы уақытқа дейінгі саяси, идео­логиялық және ұйымдастыру-партиялық жұмыс тәжірибелерінен іріктеліп алынып, соның негізінде партияның 2020 жылға дейінгі қызметінің негізгі кезеңдері мен басым бағыттары анықталмақ. Аталған жобаның мақсатты басымдықтары Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарымен сәйкес келеді. Жиын барысында қатысушы­лар жан-жақты пікір алмасып, бағ­дарлама жобасына толықтырулар мен өзгерістер әзірледі. “Егемен-ақпарат”.