Оқыс оқиға салдарынан жеті адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz Абай облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, 9 мамыр күні сағат 18:20 шамасында «Газель» жүргізушісі Мұхамедханов пен Ибраев көшелерінің қиылысында тыйым салынған бағдаршамға өтіп кетіп, Toyota Highlander көлігімен соқтығысқан. Бірінші соқтығысқаннан кейін Газель тағы екі көлікпен соқтығысқан.
«Қазіргі уақытта бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», деп толықтырды ведомство өкілдері.