ПАВЛОДАР. 10 қаңтар. Павлодарда 507 жүргізуші жаңа жол ережелерін бұзып үлгерді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Полицейлердің айтуынша, бұл облыс орталығындағы екі күн ішінде болған жағдай. Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, жаңа жол ережесін бұзғандардың көпшлігі жылдамдық тәртібін бұзып, қарсы бағыттағы жолға шыққандар көрінеді. Сонымен қатар, мас күйінде көлік жүргізген 17 жүргізуші ұсталып, жаупакершілікке тартылыпты.
Енді жаңа заң бойынша жол ережелерін бұзған жүргізушілердің 3-10 жылға дейінгі мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылатыны, рұқсат құжатсыз көлік жүргізгендерге қатысты қылмыстық іс қозғалатыны белгілі.
Фарида Бықай.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: uralskweek.kz.