ПАВЛОДАР. 10 қаңтар. Павлодардағы суретшілер одағы қоғамдық бірлестігінің ғимаратында көрме залы ашылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Жергілікті суретшілердің туындылары «Еуразия арт: өнердің ұлы өзені» атты тақырыпта Ертіс өзенінің бойындағы Қытай, Қазақстан, Ресей суретшілері үшін ұйымдастырылған көрмеге қойылды.
Көрме залынан Омбыда өткен «Өнердің ұлы өзені», Семей, Өскемен, Атырауда, сондай-ақ Ә.Қастеевтің 80 жылдығына орай өткен көрме туындыларын көруге болады.
Айта кетейік, Майса Ықыласова Омбыдағы Сібір-қазақ мәдени орталығының шақыруымен Омбыда сурет көрмесін өткізген. Ал қазір Қытайдың Үрімші қаласында суретшілер Әнуар Игембаев, Өсербай Шұранов, Ғалым Қаржасов, Е.Фридлин, В.Поликарпов және Ж.Қабылдиновтардың қатысуымен көрме өткізілуде. Облыстық суретшілер одағы қоғамдық бірлестігінің ғимаратынан жеті суретшіге шеберхана беріліпті. Бұл түрлі тақырыптар аясында қылқалам шеберлерінің шығармашылықтарын көрсетуге үлкен көмек.
Фарида Бықай.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: newskaz.ru.