• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
«Таза Қазақстан» 11 Мамыр, 2024

Көл жағасы тазартылды

181 рет
көрсетілді

Алматы облысының және Іле Алатауының інжу-маржаны – Есік көлінің жағасында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Мөлдір бұлақ» апталығы бастау алды. Өзендер мен көлдердің жағасын тазалауға бағытталған бұл акцияға еріктілер, жақын маңдағы ауыл тұрғындары, қоғам белсенділері білек түре атсалысты.

Акция аясында демалыс орындары мен қоршаулар жаңаланып, көл маңайы қо­қыстан тазартылды. Жи­нал­ған қатты қалдықтар көлікке тиелді. Сондай-ақ көл жаға­сындағы көлік тұрағына кө­шеттер отырғызылды.

Есік көлі Іле Алатауының Есік шат­қалында теңіз деңгейінен 1 800 метр биіктікте, Алматыдан шы­­ғысқа қарай 40 шақырым жерд­е орналасқан. 1963 жылғы 7 шілдеде болған жойқын тас­қын­нан кейін бұл жерде сел­ден қор­ғай­тын бөгеттер са­лынған. Содан бастап Есік көлі демалыс аймағы емес, сел­ден қорғайтын бөгет саналады. Көздің қара­шығындай мөлдіреп жатқан көлді тама­шалауға алыс-жа­қыннан ағы­латындар аз емес. Сол себепті туристердің қа­уіпсіздігі мен жай­лылығын қам­тамасыз ету – басты міндет. Ак­цияға ар­найы қатысқан облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев сапар барысында өңірдің ту­рис­тік әлеуетін арттыратын әрі эко­логиялық жағдайды жақ­сартуға мүмкіндік беретін инвестициялық жобалармен де танысты.

Жалпы, Еңбекшіқазақ ауда­нында тау туризмін да­­мытуға мүмкіндік мол. Өңір бас­шысымен кездес­кен кә­сіпкерлер Есік көлі­нің ау­ма­ғында биодәрет­ха­наларды, шағын дәмха­наларды, телефон мен интернет желілерін іске қосатын жаңа жобаларды таныстырды. Аталған жо­балардың Іле Алатау ұлттық табиғи паркінің экологиясына зиян тигізбейтіні де тілге тиек болды.

Облыс басшысы «Мөл­дір бұлақ» апталығына қаты­сушыларды құттықтай келе, көрікті табиғатымен тамсантып қана қоймай, 100 мыңнан аса адамды ауызсумен қамтып отырған Есік көлінің маңызын атап өтті.

– «Мөлдір бұлақ» акция­сын осы көлден бастағанды жөн көрдік. Өйткені оның маңызы зор. Бұл, біріншіден, ауызсу болса, екінші жа­ғы­нан, суармалы жерлерді қам­тамасыз етеді. Үшіншіден, біраз каскадты ГЭС-теріміз бар. Есік көлінің бөгеті жеке кәсіпкерлерде сенімгерлік бас­қаруда болған, былтыр сот арқылы мұны мемлекет меншігіне қайтардық. Ен­ді көлдің жағдайын көріп тұрғандарыңыздай, біра­з жерін құм басып кеткен. Осы апталықтың аясын­да об­лыстағы өзен-көлдер мен ка­налдарды, суару стансала­рының айналасын қоқыстан тазартуды жоспарлап отырмыз, – деді М.Сұлтанғазиев.

«Мөлдір бұлақ» акция­сы – өңірдің су ресурсына қамқорлық. Алматы облысында 310 гидротехникалық құрылыс болса, оның ішінде 72 суқоймасы, 112 тоған, 13 бөгет пен дамбы, 14 ауызсу торабы және 99 магистралды каналдар бар. Дәл осы су жол­дары егіс алқаптары мен қалаларға нәр беріп, өңірдің тыныс-тіршілігін қамтамасыз етеді. Алғашқы күні облыстың барлық ауданында марафондар, жарыстар және флешмоб форматында 50-ден аса сенбілік өтті. Акцияға қа­тысушылар Ұзын-Қарғалы, Талғар, Қарқара, Шарын, Қас­­келең, Үлкен Алматы сын­ды өзендер арнасының жа­ғалауларын тазартты.

– Президенттің бастамасымен жүргізіліп жатқан «Мөлдір бұлақ» акциясына бір кісідей қатысуды жөн көр­дік. Бұл қуана құптарлық жақ­сы бастама болды. Өйт­кені үйімізге келген туыс-туған, дос-жаран көлді көруге асы­ғады. Ауданымызда ор­наласқан Есік көлі таза, әдемі болып жарқырап тұрғаны біз үшін де маңызды. Сондықтан мұндай істен ауыл азаматтары қалыс қалмады, – дейді Түрген ауылының тұрғыны Есендос Асубай.

«Таза Қазақстан» акция­сы басталғалы Алматы облысында бірқатар ауқымды жұмыс атқарылды. Облыстың 500 мыңнан аса тұрғыны аумақ­тар мен аулаларды та­­залауға, тарихи, мә­де­ни ескерткіштерді абат­тандыруға, ағаш көшет­терін отырғызуға, оларды әктеуге қатысты. Ардагерлер мен қарттар үйінің аулала­рын ретке келтіруге көмектесу үшін эко бригадалар ұйым­дастырылды.

 

Алматы облысы