Бүгін Президенттік жастар кадр резервінің мүшелері Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және Мемлекеттік басқару академиясы ұжымымен бірлесіп «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Мөлдір бұлақ» апталығы шеңберінде ұйымдастырылған сенбілікке қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Агенттік төрағасы Дархан Жазықбай Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы қоғамдық санада экологиялық мәдениеттің қалыптасуына серпін бергенін және қоршаған ортаны таза ұстаудың да отанға қызмет етудің бір үлгісі екенін атап өтті.
Президенттік жастар кадр резервінің мүшелері осындай тазалық жұмыстарын жүргізіп тұрудың маңыздылығын айтты.
Сенбілікке қатысушылар Қоянды су қоймасы аумағын қоқыстан тазартты.
Тазалық шаралары алдағы уақытта да жалғасады.