• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Оқиға 13 Мамыр, 2024

Алматы тауларында жоғалып кеткен үш қыз табылды

78 рет
көрсетілді

12 мамырда Алматы тауларында жоғалып кеткен үш қыз аман-есен табылды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, осы түні РЖҚЖ құтқарушылары өтініш берушілерден Жапония жолының ауданына қарай геолокация бойынша шақыруға шықты.

«Үш қызды тапқаннан кейін жедел құтқару тобы оларға қауіпсіз жерге түсуге көмектесті. Оларға медициналық көмек қажет емес еді», делінген хабарламада.

Жоғалған екі қыздың анасы құтқарушыларға көмек көрсеткені үшін алғыс айтты.