• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 15 Мамыр, 2024

Мағзұм Мырзағалиев «ҚазМұнайГаз» басшысы қызметінен кетті

2083 рет
көрсетілді

Мағзұм Мырзағалиев «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қызметінен кетті, деп хабарлайды Egemen.kz. 

«Самұрық-Қазына» қорының басшысы Нұрлан Жақыпов Мағзұм Мырзағалиевке басшы ретіндегі еңбегі үшін алғысын білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, Мағзұм Мырзағалиев «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болып 2022 жылдың сәуірінде тағайындалған болатын. Бұған дейін 2022 жылдың 13 қаңтарында Мырзағалиев Президенттің кеңесшісі болып 3 ай қызмет атқарған.

Мағзұм Мырзағалиев 2021 жылдың 9 қыркүйегі мен 2022 жылдың 13 қаңтары аралығында Энергетика министрі болды. Сондай-ақ ол Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігін де басқарған еді.