• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 15 Мамыр, 2024

Синоптиктер алдағы үш күнде нөсер құятын аймақтарды атады

270 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнде ел аумағында құбылмалы ауа райы болатынын ескертті. 16-18 мамыр аралығында басым өңірде жаңбыр жауады, деп жазады Egemen.kz.

Оңтүстік циклон әсерінен нөсер жауып, найзағай ойнайды.

16-18 мамырда республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, 16 мамыр күні шығыста, 17-18 мамырда оңтүстік-батыста, 18 мамырда солтүстік-батыста қатты жаңбыр жауып, бұршақ жаууы да ықтимал.

Тек солтүстік және солтүстік-шығыс облыстарда 16-17 мамырда жауын-шашын тоқтап, күндізгі ауа температурасы 18-25 градусқа дейін көтеріледі.

Ал кей жерлерде түнде минус дәрежесіндегі температура сақталатыны болжанған.

Елдің біршама аймағында ауа райы тұрақсыз болғанымен, оңтүстік-батыс бағыттағы жылы ағын ауаны жылжып, температуралық фон бірте-бірте көтеріледі.