Метеорологтар оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің ел өңірлерінің көп бөлігінде өз әсерін сақтайтынын нақтылады.
«Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыста, шығыста қатты жаңбыр жауып, бұршақ түседі, жел соғады. Тек еліміздің солтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі», деп хабарлады ведомстводан.
Сонымен қатар республикамыз бойынша желдің екпін алуы сынды ортақ табиғи құбылыс тән, түнде және таңертең солтүстік-батыста, еліміздің орталығында тұман болады.
«Жетісу облысында Алакөл ауданы аумағында секундына 30 метр және одан да жоғары жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі», деді синоптиктер.Сондай-ақ түнде Павлодар облысының солтүстігінде, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының солтүстігінде, шығысында сынап бағаны төмендеп, 2-3 градус суықты көрсетеді деп болжанады.
Төтенше өрт қаупі Түркістан облысының шөлейтті аудандарында және Абай облысының Үржар ауданында сақталады.