• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аңдатпа 16 Мамыр, 2024

Аңдатпа: Сахнада – классика

60 рет
көрсетілді

17 мамыр - Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театрында бірактілі балеттер кеші қойылады. Ж.Бизе-Р.Щедриннің «Кармен-Сюита», Н.Рим­ский-Корсаковтың «Шехерезада» балет­тері ұсынылады.

17 мамыр -  «Ғашық жүрек»

Музыкалық жас кө­рермен театрында Мұ­қағали Мақатаевтың «Ғашық жүрек» музы­ка­лық поэтикалық қойылымы көрсетіледі. Режиссері – А.Ғұмаров.

 

18 мамыр - Ертегі

Қалеки сахнасында Қ.Жетпісбаевтың «Бала мерген» ертегісі қойы­лады. Режиссері – Н.Ва­хитов.

 

21 мамыр - «Ең жақсы еркек»

Бикен Римова атын­дағы Талдықорған драма театрында Сұлтанәлі Балғабаевтың «Ең жақсы еркек» комедиясы сахналанады. Режиссері – Б.Ұзақов.

 

23 мамыр -  Жаңа фильм

Еліміздің барлық кинотеатрында Ахмет Байтұрсынұлының өмі­ріне арналған «Соңғы үкім» көркем фильмі көрсетіледі.