• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 16 Мамыр, 2024

16 мамырға арналған ауа райы болжамы

147 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, бүгін, 16 мамырда Қазақстан Республикасы аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Синоптиктер елдің оңтүстік-шығысында және шығысында нөсер жаңбыр мен бұршақ жауады деп болжап отыр. Тек солтүстікте жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, түнде және таңертең солтүстік-батыста, республика орталығында тұман түседі.

Жетісу облысында, Алакөл көлдері аймағында кей жерлерде жел 30 м/с дейін жетеді.

Түнде Павлодардың солтүстігінде, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының солтүстігі мен шығысында 2-3 градус үсік жүреді.

Қарағандының оңтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында, Абай облысының оңтүстігінде, Ақтөбе, Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстанның оңтүстік-шығысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарының батысында, оңтүстік-батысында, Жетісу облысының шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, Түркістан облысының шөлді аймақтарында, Абай облысының Үржар ауданында өте жоғары өрт қаупі сақталады.