Қайрат Ермекұлы Омаров Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі болып тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Ермекұлы Омаров Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», делінген Ақорда баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Бұған дейін осы қызметті атқарған Ақан Ақасұлы Рахметуллин лауазымынан босатылды.