«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Малайзия Премьер-министрі Ануар Ибрагимді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ануар Ибрагим бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы Қазақстан Президенті мен Малайзия Премьер-министріне рапорт беріп, екі мемлекеттің әнұрандары шырқалды.Салтанатты рәсімнен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ануар Ибрагим келіссөз залына барды.