«Қазгидромет» синоптиктері 18, 19 және 20 мамырға арналған ауа райы болжамын бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Болжам бойынша, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы сақталады. Оңтүстік циклон әсерінен барлық аумақта найзағай ойнап, қатты жаңбыр, бұршақ жауады.
«Жауған жаңбыр ауа температурасының төмендеуіне себеп болады: солтүстік және орталық облыстарда 10-18 градусқа дейін, шығыс және оңтүстік аймақтарда 15-23 градусқа дейін, тек батыс облыстарда оңтүстік ағындар 15-23 градусқа дейін көтеріледі», дейді метеорологтар.