• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Олимпиада 17 Мамыр, 2024

Мақсат – паралимпиадашыларды қолдау

142 рет
көрсетілді

Паржиде өтетін Пара­лимпиада ойын­дарының басталуына 100 күн қалды. 28 шілде – 8 тамыз аралығында өтетін төртжылдықтың басты додасына қатысатын спортшыларымызды қол­дау мақсатында спорт­тық іс-шара өтті.

Елордада өткен «Қоз­­ға­лыстағы әлем. Олим­пиада, Паралим­пиа­да және Дүниежүзілік көш­пелілер ойындары – бір­лікте» атты бұқаралық іс-шараға Олимпиада чемпиондары, Пара­лимпиада ойындарының жүл­­дегерлері, әлем чемпион­дары Серік Сәпиев, Свет­лана По­добедова, Раушан Қой­шы­бае­ва сынды саңлақтар спорттық іс-шараға қаты­сушы­ларға сәттілік тіледі.

Ұлттық Паралимпиада ко­ми­тетінің бас хатшысы Олжас Ақпамбетов ұлы аламанға лицензия иеленіп, жаттығуды үдет­кен спортшыларға жеңіс тілеп, саңлақтарымызды қол­дауға үндеді.

«Францияның Париж қа­ласында өтетін Паралимпиада ойындарына қатысушылар спорттың 9 түрінен додаға түсу жоспарланып отыр. Әзірге біздің спортшыларымызда 12 лицензия бар, алда әлі де жолдама таратылатын турнирлер болады. Біз пара спортшыларға сәттілік тілеп, қашанда жанкүйерлік танытамыз. Осындай игі­лікті іс-шаралар өткізу паралим­пиа­­далық қозғалыстың дамуы мен инклюзивті қоғамның ны­ғаюына әсерін тигізеді», деді О.Ақпамбетов.

Пауэрлифтингтен Рио Паралимпиадасының күміс жүлдегері, әлем кубогінің же­ңімпазы Раушан Қойшыбаева еліміздің ірі қалаларында па­ра спортшылардың алаң­сыз жаттығатын орталық­та­ры салынса, әлемдік до­­да­­лардағы деңгейіміз бұдан да биіктей түсетінін жеткізді. «Ас­та­на қаласында параспорттан да­йындық жүр­гізетін олим­пиа­­далық кешен бар. Сондай спорттық орталық Ал­матыда Ала­­таудың бөктерінен бой көтерсе, қандай ғанибет! Бар­лық қалада салынбаса да ірі ме­га­полисте болса, спорттық жетістігіміздің артуына орасан септігі тиер еді. Мен пауэрлифтинг спортына 45 жасымда қатыстым, 50-ге толғанда Рио Паралимпиадасының күміс ме­д­алін олжаладым. Демек мүм­­кіндік жас талғамайды, тек тынбай тер төгіп жаттығу қажет. Париж паралимпиадасына лицензия иеленген спортшыларымыз мерейімізді асыратынына сенімдімін», деді Р.Қойшыбаева.

XVII жазғы Париж-2024 Паралимпиада ойындарына елі­міздің спортшылары пара же­ңіл атлетика, парапауэрлифтинг, паратаеквондо, параүстел теннисі, паражүзу, парадзюдо, параканоэ, отырып ойнайтын волейбол және параоқ атудан қатысуды межелеп отыр.