• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 18 Мамыр, 2024

Астананың 8 тұрғыны террористік қызметпен айналысқаны үшін сотталды

142 рет
көрсетілді

Астанада 8 адам террористік қызметпен айналысқаны үшін 7 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомствоның хабарлауынша, террористік топтың қатысушылары Сирия аумағына қоныс аударуды және Қазақстанда басқарудың теократиялық жүйесін орнату қажеттілігін талқылаған.

Бұл топтың жетекшісі Сириядағы соғыс қимылдарын жүргізетін террористік ұйымды қаржыландыруды ұйымдастырған.

Мемлекеттік айыптаушы сотталушылардың кінәсін дәлелдеді.

«Астана қаласының прокуратурасы исламдағы радикалды идеяларды насихаттайтын интернет-сайттар мен орындарға барудан сақтануға шақырады», делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енді.