• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 19 Мамыр, 2024

«Бірі - алтын»: Милад Карими Азия чемпионатында үш медаль иеленді

113 рет
көрсетілді

Өзбекстанда өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында Милад Карими спорттық мансабында алғаш рет керме жаттығуы бойынша чемпион атанды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомство мәліметіне сілтеме жасап. 

Ташкент төрінде Милад Карими 15.033 ұпай көрсеткішімен алтын медаль жеңіп алды. Бұл отандасымыздың өтіп жатқан Азия біріншілігіндегі үшінші жүлдесі, бұған дейін ол көпсайыс бойынша және еркін жаттығуда күміс жүлделерді еншілеген.