• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 19 Мамыр, 2024

20 мамырда еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады - Қазгидромет

193 рет
көрсетілді

"Қазгидромет" РМК еліміз бойынша 20 мамырға арналған ауа райының жалпы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Синоптиктердің болжауынша, еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, күн райы бұзылады.

- Оңтүстік циклон және онымен байланысты жылжыған атмосфералық фронтальды бөліктерге байланысты ҚР аумағының басым бөлігіне найзағай ойнап, жаңбыр жауады, еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, бұршақ түседі, қатты жел тұрады деп күтіледі. Республикамыз бойынша желдің күш алу құбылысы тән, елдің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрып, солтүстік-батыс, солтүстік өңірде тұман болады, - деп жазылған "Қазгидромет" РМК хабарламасында.

Қарағанды облысының оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының солтүстік-батысында, шығысында, Қызылорданың орталығында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Түркістан облысының шөлейтті аудандарында өрт қаупі жоғары, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, Абай облысының орталығында өрт қаупі жоғары.

Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.