Синоптиктер Қазақстан тұрғындарын 21 мамыр мен 23 мамыр аралығында қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы жалғасады.
«Атмосфералық фронттардың әсерінен барлық дерлік аудандарда қысқа мерзімді жаңбыр мен бұршақ жауып, екпінді жел соғады, тек кей күндері ғана жоғары қысымның әсерінен жауын-шашын тоқтап -2°C аяз болады», делінген хабарламада.Ал оңтүстік-батыс ағындары, болжам бойынша, мамыр айының климаты шегінде күндізгі температураның жылынуын тудырады. Мәселен, батыс және оңтүстік аймақтарда ауа температурасы +18+28°С дейін көтерілсе, солтүстік, орталық, шығыс облыстарда +15+23°С дейін көтеріледі. Тек 23 мамырда еліміздің қиыр солтүстігінде +7+15°С дейін төмендейді.