• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 20 Мамыр, 2024

Ақтауда тоғызқұмалақтан командалық чемпионат өтіп жатыр

50 рет
көрсетілді

Ақтау қаласында 15-23 мамыр аралығында тоғызқұмалақтан ерлер мен әйелдер арасындағы командалық чемпионат өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Чемпионатқа еліміздің түкпір-түкпірінен командалар келді. Оған еліміздің 3 қаласы мен 12 облысынан 176 спортшы, оның ішінде ерлер– 96, әйелдер – 80 адам қатысып жатыр. Жарыстың бас төрешісі –халықаралық дәрежедегі төреші Бауыржан Төлегенов.

«Чемпионат жоғары деңгейде өтіп жатыр. Басты мақсатымыз – ұлттық ойынымыз тоғызқұмалақты насихаттау. Биыл біз Көшпенділер ойындары мен оның аясында өтетін тоғызқұмалақтан және оған ұқсас овари мен мангала ойындарынан жарыстарда жоғары нәтиже көрсетуді көздеп отырмыз. Қазір оған дайындалып жатырмыз», деді тоғызқұмалақтан мемлекеттік жаттықтырушы Дәулет Әбдікәрімов.

Тоғызқұмалақтан ерлер мен әйелдер арасындағы республикалық біріншілік 22 мамырға дейін жалғасып, содан кейін оның жеңімпаздары анықталады.