• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Мамыр, 2024

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарумен кісі өлтірген күдікті ұсталды

101 рет
көрсетілді

Таразда қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарумен кісі өлтірген күдікті қолға түсті. 28 жастағы азамат өз досын абайсызда атып тастаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

КТК телеарнасы жазғандай, оқыс оқиға кеше Тараздағы мөлтекаудандардың бірінде болған. Күдікті Калашников автоматын қаңтар оқиғасы кезінде ұрлап алған.

Полиция департаментінің хабарлауынша, ол қоймадан ұрланған атыс қаруын осы уақытқа дейін заңсыз сақтап келген. Сол автомат абайсызда атылып, қаңғыған оқтан досы ажал құшты. Қазір күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Оған кісі өлтіру бабымен іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

- Қажетті сараптамалар тағйындалды, Алдын ала ақпарат бойынша, қару қаңтар оқиғасы кезінде Жамбыл облысының ПД ұрланған. Қазір олардың аталған оқиғаларға қатыстылығы тексерілуде, - деді Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.