Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев ОКҚ алаңында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шамамен 3,5 млн жолда жүру ережелерін бұзудың жолы кесілген. 8 мыңға жуық «мас» жүргізуші ұсталып, барлығы сотпен көлік тізгіндеу құқығынан айырылған. 7 мыңнан астам адам әкімшілік қамауға алынып, 145 мыңнан астам жаяу жүргіншіге айыппұл салынған.
Спикердің айтуынша бұл жағдайға автомектептерге қойылатын талаптардың төмендеуі және жүргізушілерді даярлау сапасы ықпал еткен. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігімен емтихандарды қабылдау қағидаларына түзетулер енгізілді.
«Енді бұл процедура ашық болады. Емтихан тапсыру процесі онлайн трансляция арқылы бақыланады. «Автомектеп» ақпараттық жүйесінде білім алушыларды міндетті тіркеу нормасы енгізілді. Осылайша, тізімдерді түзету мүмкіндігі алынып тасталды. Сонымен қатар жүргізушілердің өз бетінше дайындалуын алып тастадық», деді Қайсар Сұлтанбаев.