2023 жылы Қазақстанда 35 мың IT-маман даярланды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
IT саласында білікті кадрларды даярлау үшін Epam, Coursera, Samsung, Binance Academy, Huawei, Microsoft, NVIDIA және Glovo сияқты халықаралық IT-компаниялармен тығыз ынтымақтастық орнатылған. Бұл бағдарламаларға 70 мыңнан астам адам қатысқан.
«IT-Airl бағдарламасы аясында 2 мыңнан астам әйел маман No-Code құралдарымен жұмыс істеуге және фрилансингті үйренген. Білім беру саласындағы уәкілетті органдардың күш-жігерінің нәтижесінде 2023 жылы 35 мыңнан астам маман даярланды», делінген министрлік хабараламасында.