Алматыда 1 212 дана ақбөкен мүйізін сатпақ болған төрт адам ұсталды. Заңсыз әрекет қалалық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері жүргізген арнайы іс-шара нәтижесінде анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Облыс аумағында Hyundai көлігі тоқтатылды, тінту барысында 1 212 ақбөкен мүйізі табылып, тәркіленді. Күдіктілер ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Науатов.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.