Scat әуекомпаниясы Астанадан Прагаға рейстерді қайта бастады. Бұл туралы елордалық әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Алғашқы рейс бүгін, 22 мамырда болады. Рейстер аптасына 2 рет сәрсенбі және сенбі күндері Boeing-737 ұшағында орындалады.
Астанадан ұшу сағат 08:20-да орындалса, Прагаға қону уақыты сағат 11:25-те (жергілікті уақыт). Прагадан ұшу - 12:15, Астанаға қону - 20:10.
«Бұл көптен күткен бағыт елорда мен Қазақстан тұрғындарына Чехияның әдемі астанасына, сондай-ақ Чехия тұрғындарына әлемнің жас астаналарының бірі - Астананы көруге мүмкіндік береді. SCAT авиакомпаниясына әлемдегі ең әдемі қалалардың бірі - Праганы көрудің бірегей мүмкіндігі үшін алғыс айтамыз», деп атап өтті әуежайда.