ҚР Ұлттық ұланның Ақтөбе қаласында орналасқан 6655 әскери бөлімі сарбаздарына еліміздің бірқатар жоғары оқу орындарына түсу гранттары табысталды. Арнайы білім гранттары жауынгерлік қызмет барысында ерекше көзге түскен сарбаздарға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қорғаныс министрлігінің сертификаттары әскери бөлімнің саптық аланыңда салтанатты түрде табысталды.
«Батыс» өңірлік қолбасшылығы жауынгерлік даярлық басқармасының офицері, подполковник Роман Әбдірахмановтың хабарлауынша, сарбаздардың білімі жауынгерлік дайындық пәндері бойынша бағаланған. Сонымен қатар олардың әскери тәртібі әрбір оқу кезеңінің соңында жалпы рейтингпен бағаланып, сыбайлас жемқорлық әрекеттерін болдырмау үшін барлық деректер электронды форматтағы арнайы платформаға енгізілген.
Жалпы конкурс адами факторды есепке алмай өткізілді.