• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 23 Мамыр, 2024

Қажетті комплаенс мектебі

77 рет
көрсетілді

Облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының әлеуметтік мемлекет­тік тапсырысы аясында Тараз қаласында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс мектебі» атты семинар өтті. Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыс бойынша департаменті басшысы бірінші орынбасарының міндетін атқару­шы Қайрат Бәйгебаев, облыс әкімі аппараты басшысының орын­басары Ерболат Байболат қатысып, басқосудың маңыздылығына тоқталды.

– «Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл туралы» заңдағы соңғы өзгерістермен квазимемлекеттік және жеке сектор ұйымдарында кор­­поративтік парасаттылық стан­дарттарын сақтауға жауапты сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер институты енгізілді. Жем­қорлыққа қарсы комплаенс-қызметті құру үшін маңызды дәлел – сыбайлас жемқорлық субъектілері. Осы квази­мемлекеттік сектор лауазымды адам­дардың аясын кеңейтуді көздейді, – деді Қайрат Бәйгебаев.

Семинарда республикалық дең­гейдегі сарапшылар өз тәжірибесі­мен бөлісті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі превенция қызметінің сарапшысы Асан Айдар­ханов комплаенс бағдарламасын құ­ру­дың әдіс-тәсілдері жөнінде баяндама жасаса, Энергетика министрінің комплаенс жөніндегі кеңесшісі, Ком­плаенс және іскерлік этика қауым­дастығының төрағасы Дәурен Ақша­лов пен «Фридомтелеком» АҚ ком­плаенс офицері Дәурен Тулин мекемедегі ком­плаенс тәуекелдерін басқару тетік­теріне тоқталып өтті.

Президент жанындағы Мемле­кеттік басқару академиясының облыс бойынша филиалының профессоры Бекмахан Ахметов комплаенс қызметінің саясатын егжей-тег­жей түсіндірсе, облыс бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бас маманы Бауыржан Кабашев мемлекеттік сатып алу үдерісінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау жолдарына тоқталып өтті.

Тараз қаласы мен аудандардан қатысқан 80-ге жуық қатысушыға әдіс­темелік бағыт-бағдар беріліп, іс-шара нәтижесі бойынша арнайы сертификаттар табысталды.