Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Метеорологтардың мәліметінше, 25, 26 және 27 мамырда Қазақстан территориясында солтүстік циклон әсері байқалады. Яғни, аталған циклон әсерінен жауған жаңбырдың соңы қарға ұласуы ықтимал. Сондай-ақ бұршақ жауып, жел екпінді соғып, жауын-шашын болжанған.
25-27 мамыр аралығында елдің солтүстігіндегі облыстарда, 25-26 мамырда орталық және оңтүстік-шығыс облыстарда, 26 мамырда шығыста қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), республиканың солтүстік-батыс облыстарында нөсер жаңбыр күтіледі.
Демек Республиканың жоғарыда аталған аумағында 25 мамыр «Соңғы қоңырау» күні қолайсыз ауа райы болжанып отыр.
Ал Скандинавия аймақтарынан келетін ауқымды антициклон республиканың батысында ашық ауа райының сақталуына ықпал етеді.
«Алда келе жатқан суық ауа массалары 25 мамырда батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, 26 мамырда орталықта, 27 мамырда шығыста, оңтүстік-шығыста, 26-27 мамырда түнде және таңертең 3 градусқа дейін аяз болады. Суық ауа массасы Қазақстанның оңтүстігіндегі таулы аймақтарда сезіледі», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.