• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Мамыр, 2024

Еліміздің шығысында жаңа су қоймасы салынады

112 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданындағы Кендірлік өзенінде жаңа су қоймасы салынады. Бұл жаңалықты Су шаруашылығы және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Ведомствоның мәліметінше, су қоймасы 60 миллион текше метр суды жинай алады. Бұл Зайсан өңіріндегі 20 мың гектар егістік алқапты суару суымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Министрлік басшысы Нұржан Нұржігітов су қоймасы құрылысының өңір үшін стратегиялық маңызы бар екенін айтты.

«Жобаны жүзеге асыру өңірдегі ауыл шаруашылығын дамытуға, өнімділікті арттыруға және жергілікті шаруаларды тұрақты сумен қамтамасыз етуге септігін тигізеді, сонымен қатар облыстың экономикалық дамуына елеулі үлес қосады», деді министр. 

Айта кетейік, жобаның инвестициялық ұсынысы әзірленді, ол Ұлттық экономика министрлігінің мақұлдауына жіберілді.