Сенат депутаттары Сұлтанбек Мәкежанов, Нұртөре Жүсіп, Ләззат Рысбекова, Бекболат Орынбековтер ТМД Парламентаралық Ассамблеясының іс-шараларына қатысып, басқа елдерден келген парламентшілермен бірге түрлі мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ТМД Парламентаралық Ассамблеясының шаралары бойынша Сұлтанбек Мәкежанов Мемлекеттік құрылыс және жергілікті өзін-өзі басқару тәжірибесін зерделеу жөніндегі тұрақты комиссия отырысында мемлекеттің сайлау егемендігін қамтамасыз ету және қорғау, сондай-ақ электрондық дауыс беруді қадағалау мәселелерін, Нұртөре Жүсіп Мәдениет, ақпарат, туризм және спорт жөніндегі тұрақты комиссия отырысында «Су нысандарындағы мәдени мұра түрлерін мемлекеттік қорғауды қамтамасыз ету туралы», «Цифрлық медиаресурстар ортасындағы электрондық коммуникациялар туралы», «Балаларды денсаулығына және дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау туралы», «Меценаттық және қайырымдылық қызметі туралы» үлгі заңдардың жобаларын, Ләззат Рысбекова Экономика және қаржы жөніндегі тұрақты комиссиясы отырысында «Трансшекаралық дәрменсіздік және банкроттық туралы» үлгі заңнамалық актінің жобасын әзірлеудің өзектілігін талқылап, Бекболат Орынбеков «ТМД-ға қатысушы мемлекеттеріне арналған үлгі Салық кодексін қолдану және салық саласындағы ұлттық заңнаманы дамыту» тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысына қатысты.