• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Мамыр, 2024

Су тасқыны: Талдыкөл тұрғындары толық эвакуацияланды

240 рет
көрсетілді

Атырау облысындағы Талдыкөл ауылына кіреберіс жолды тасқын суы шайып кетуіне байланысты тұрғындар эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысының Төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы бұған дейін ауылдағы жүкті аналар, егде тұрғындар мен балалардың қалаға көшірілгенін мәлімдеген еді.

Су басу қаупі жоғарылағаннан кей Талдыкөл тұрғындары түгел Атырау қаласына эвакуацияланды.

Олар Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің жатақханасына орналастырылады. Жергілікті жауапты мамандар уақытша тұрақта тұрғындарға жағдай жасалып, 3 мезгіл тамақ ұйымдастырылатынын атап өтті.

«Бейбарыс ауылдық округіне қарасты 1200-дей халқы бар Талдыкөл елдімекеніндегі тұрғындар Атырау қаласына эвакуацияланды. Кірме жолды су шайып кетуіне байланысты, тұрғындарды толық қауіпсіз аймақтарға көшіруге мәжбүр болып отырмыз. Сол себепті эвакуациялық жұмыстарды бастадық. Кеше түннен бері жергілікті азаматтар қаладағы тұрғын үйлеріне кетіп жатыр. Жүзден астам тұрғын жолға шығып кетті», деді Махамбет ауданы әкімінің орынбасары Арман Әділғалиев.

Талдыкөлдіктерді эвакуациялауға ТЖД-ның 24 жеке құрамы мен 6 қайық, 6 техника жұмылдырылды.