Аймақтар 26 Мамыр, 2024

Ақмола облысындағы ауылды су басып қалды

138 рет
көрсетілді

Толассыз жауған жаңбырдың салдарынан Целиноград ауданының Қоянды ауылында 2 жеке тұрғын үй мен 20 аула аумағы су астында қалды, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жауын-шашынның көп түсуіне байланысты Целиноград ауданының Қоянды ауылында 2 жеке тұрғын үй мен 20 аула аумағы су астында қалды», делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта құтқарушылар мен өңірдің жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері су айдау жұмыстарын жалғастырып жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар