23 мамырға қараған түннен бастап Атырау облысындағы су тасқыны жағдайларына байланысты облыстың Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында «Қауырт желі» қайта іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстың ТЖД Қоғаммен байланыс тобы мәлім еткендей қауырт желінің негізгі мақсаты облыс тұрғындарына ақпараттық және психологиялық көмек көрсету. Аталған уақыттан бері орталыққа 22-ден астам ақпараттық сипаттағы қоңырау келіп түскен.
«Қауырт желі» демалыссыз тәулік бойы 45-41-47, 45-07-00, 45-14-75 нөмірлері бойынша жұмыс істеп жатыр.